16 жастағы Заңғар Нұрланұлы әлемнің 1-ракеткасымен бірге жаттықты

© Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Заңғар Нұрланұлы Аустралияның Мельбурн қаласында әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен бірге жаттықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 40-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Синнердің аустралиялық Алекс де Минормен ширек финалдағы ойынына дайындалуына жәрдемдесті.
Биыл жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатына қатысқан Заңғар жекелей сында екінші айналымға дейін жетті.
Сонымен қатар үндістандық Криш Тиаджимен бірге жұптық сында өнер көрсетіп, онда да бір ойынын жеңіспен аяқтады.
Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінде өнер көрсетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:09, 6 ақпан 2025
Азиада-2025: шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Тайбэйге еш мүмкіндік қалдырмады
-
19:17, 6 ақпан 2025
Тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды
-
17:47, 6 ақпан 2025
Қазақстан құрамасы керлингтен Азия ойындарында аралас жұптар жарысындағы өнерін аяқтады
-
12:56, 6 ақпан 2025
Азия чемпионы ҚР Ауыр атлетика федерациясында лауазымды қызметке тағайындалды
-
22:56, 5 ақпан 2025
EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы қарымта қайтарды