«СҚ-Фармация» БҚДА сынынан кейін отандық дәрі-дәрмектерді сатып алудың алгоритмін ұсынды
© Сурет: Zakon.kz
"СҚ-Фармация" ЖШС дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алуға қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"СҚ-Фармация" ЖШС дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тиімді уақтылы сатып алу, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы нормаларды болдырмау мақсатында отандық және шетелдік өндірушілерден сатып алу тәртібін өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізді", деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "СҚ-Фармация" енгізген ұсыныстарды ескере отырып, бұрынғы нормаларды қайта қарап, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізудің жаңа қағидаларын бекітті (ҚР ДСМ 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығы).
Енді өтінімдер болмаған жағдайда немесе әлеуетті өнім берушіден бір өтінім берілген кезде сатып алу өткізілмеген деп танылады. Осыдан кейін тікелей дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды өндірушілерге шақырулар жіберіледі.
Сатып алу дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілерден тікелей сатып алуға бағытталады деп пайымдаймыз.
Тендер тәсілімен сатып алу сәйкес келмейтін өтінімдерге жол бермейтін белгіленген талаптарға сәйкес және "Электрондық қаржы орталығы" АҚ сатып алу порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Бұл жеткізушіні таңдау кезінде адами факторды жояды, осылайша сатып алу процедурасының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, "СҚ-Фармация" БҰҰ-ның халықаралық ұйымдары (БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, СТОП ТБ) арқылы сатып алуды жүзеге асырады, соның арқасында препараттар төмендетілген бағамен (шоғырландырылған халықаралық көлемді сатып алу есебінен) сатып алынады, бұл пациенттерді қамту деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 7-бабына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыру қағидаларын, сондай-ақ шекті бағалар мен үстеме бағалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді.
"СҚ-Фармация" ЖШС дәрі-дәрмектерді белгіленген шекті бағадан аспайтын бағамен сатып алады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министрлік дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігін бекітті, ол ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатын және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде пациенттерді қамтамасыз ету үшін сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейді.
Бұған дейін БҚДА "СҚ-Фармацияның" баға жағынан бәсекелестікті қолдауға мүдделі болмау ықтималдығы жоғары екенін хабарлаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:09, 22 қаңтар 2025
Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
-
22:57, 22 қаңтар 2025
«Қар, боран, көктайғақ». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:54, 22 қаңтар 2025
Саран қаласындағы дүкендердің біріне түскен ұры сатушыны өлтірді
-
21:36, 22 қаңтар 2025
Трамп Путинді Украинадағы соғысты доғаруға шақырды
-
20:54, 22 қаңтар 2025
Антикор мүгедектікті тіркеуде медициналық сараптамаға қатысты 5 мыңнан астам айла-шарғыны анықтады