ҰҚК абоненттер туралы ақпарат жинауға арналған жабдықтарға қойылатын талаптарды жаңартты
© Фото: freepik
ҚР ҰҚК төрағасы 2025 жылғы 15 желтоқсандағы бұйрығымен "Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне өзгерістер енгізді.
Атап айтқанда, техникалық регламент жаңа редакцияда бекітілді.
Техникалық регламенттің талаптары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес дауыс, бейне немесе өзге де деректерді беру не қабылдауға арналған аппаратура ретінде жіктелетін, оның ішінде сымды немесе сымсыз байланыс желілерінде коммуникацияға арналған телекоммуникациялық жабдықтардың мынадай түрлеріне қолданылады:
- тіркелген телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдықтары;
- ұялы, спутниктік және өзге де жылжымалы телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдықтары;
- интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін тіркелген деректерді беру желілерінің коммутациялық жабдықтары;
- интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұялы, спутниктік және өзге де жылжымалы деректерді беру желілерінің коммутациялық жабдықтары.
Сонымен бірге, коммутациялық жабдық мемлекеттік құпияларды қамтитын ақпаратты өңдеуге, сақтауға және пайдалануға арналмағаны көрсетілген.
Коммутациялық жабдықты функционалдық мақсаты бойынша сәйкестендірудің негізгі өлшемі — абоненттер арасындағы қосылыстарды жүзеге асыру кезінде телефон, дауыс, құжаттық, мәтіндік, графикалық, аудио және бейне хабарламаларды беру үшін электромагниттік немесе оптикалық сигналдарды коммутациялау болып табылады.
Коммутациялық жабдықтың жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауға теріс әсер ететін қауіпті факторлары (тәуекелдері) мыналар болып табылады:
- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинауға және сақтауға арналған техникалық мүмкіндіктердің шектелуі немесе мүлдем болмауы;
- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу құралдарына және абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтау құралдарына рұқсатсыз қол жеткізу;
- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу құралдарын және абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтау құралдарын қылмыстық және құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалану.
Сондай-ақ техникалық регламентте төмендегілер белгіленген:
- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу құралдарын және абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтау құралдарын рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау талаптары және басқа да нормалар.
Аталған бұйрық 2026 жылғы 24 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:18, 24 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
-
15:17, 24 желтоқсан 2025
Ерлан Қарин Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысына арналған салтанатты іс-шараға қатысты
-
15:08, 24 желтоқсан 2025
Мәжіліс креативті индустрияларды қолдау және дамыту туралы заңды екінші оқылымда қабылдады
-
14:57, 24 желтоқсан 2025
Утиль алымынан түскен қаражат қоқысты бөлек тасымалдауды ынталандыруға жұмсалады
-
14:48, 24 желтоқсан 2025
Түркияда Ливия генералы мінген ұшақ апатқа ұшырады: деректер мен бейнежазба





