Өңірдің мұнайсыз күні қараң ба - Маңғыстау облысы әкімінің жауабы

17:59, 23 желтоқсан 2025

© Фото: zakon.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай 2025 жылғы 23 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифинг барысында жергілікті билік мұнайсыз өмір сүруге дайын-дайын еместігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Жаңаөзендегі мұнай қоры азайып бара жатқаны туралы мәселені көтерді. Олар мұнай болмаса, халықты қалай жұмыспен қамтамасыз етуге болатынын сұрады.

"Бұл мәселе іс жүзінде өте өзекті. Мұнай қорына келетін болсақ, егер Жаңаөзен қаласы туралы сөз болып отырса, онда мәселе "ӨзенМұнайГаз" кәсіпорны туралы болмақ. "ҚазМұнайГаз" басшылығымен қазір оңалту бағдарламасы жүріп жатыр. Әзірге, барлығы процесс барысында. Мүмкін тереңде жаңа мұнай қоры бар шығар. Егер бүгіндері олар 1,5-2 мың метр тереңдіктен мұнай өндіріп жатса, онда келесі қор 5-6 мың метрде болуы мүмкін. Сондықтан кен орнын оңалту жұмыстары жүргізілуде. Бірақ, мәселе басқада, болашақта көп көлемдегі мұнайдың қажеті болады ма? Қазір жасыл сутегі актуальды, барлығы электр қуатына ауысуда", - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Ол қазір өңір билігі экономиканы әртараптандырумен айналысып жатқанын атап өтті. Экономиканың логистика, туризм және ауыл шаруашылығы, атап айтқанда балық шаруашылығы сияқты бағыттары дамып келеді.

"Бүгін біз жастарды мұнайшы болуға емес, болашақ мамандықтарға баулуымыз керек. Ертең-бүрсүгіні мұнай таусыла қоймайды, бұл - түсінікті жайт. Осында жұмыс істеп жатқан адамдар ары қарай да жұмыс істей береді. Біздің өңірде 50 мыңға жуық адам мұнай компанияларында немесе мердігер ұйымдарда жұмыс істейді. Мұнай саласы жабылмайды, ол бола береді. Бірақ 10-15 жылдан кейін өзге мәселе туындауы мүмкін, оған біз бүгін дайындалып жатырмыз", – деп сөзін түйіндеді аймақ басшысы.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі некеден тыс туған баласына қатысты пікір білдірген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!