Қазақстанда салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері өзгеруде
© Фото: pexels
Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылғы 23 желтоқсандағы Үкімет отырысында 2026 жылдан бастап микро және шағын бизнеске әкімшілік қысымды төмендету үшін ден қою шараларын қолдану шегі артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спикер бұл шаралар салықтық қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдерін айтарлықтай өзгертетінін айтты.
"Негізгі өзгеріс – әрекет ету шаралары басталатын шектерді арттыру. Бұған дейін салық берешегі шамамен 26 мың теңгеден немесе 6 АЕК-тен өндіріле бастаған, ал әлеуметтік аударымдар бойынша нақты шек болмады. Енді, 2026 жылдан бастап, салық берешегі бойынша шек – 87 мың теңгеге дейін немесе 20 АЕК-ке дейін, әлеуметтік төлемдер бойынша 26 мың теңгеге дейін немесе 6 АЕК-ке дейін көтеріледі. Неліктен бұл маңызды: бүгінде әлеуметтік төлемдердің шегі болмағандықтан, өндіріп алу шараларына микро және шағын бизнес кіріп кетеді – ал борышкерлердің шамамен 72%-ның қарызы 6 АЕК-ке дейін. Осыған байланысты шығыс операциялары тоқтатылады, бизнес уақыт пен ақшаны жоғалтады", – деп жалғастырды Такиев.
Осылайша, борышкерлерге енді:
- 87 мың теңгеге дейін немесе 20 АЕК-ке дейін – тек хабарлама жіберіледі, тек өсімпұл есептеледі, өзге шараларсыз;
- 87 мыңнан 195 мың теңгеге дейін немесе тиісінше 20-дан 45 АЕК-ке дейін – хабарлама жіберіледі; өтелмеген кезде борыш сомасы шегінде шығыс операциялары тоқтатыла тұрады, содан кейін инкассалық өкімдер қоюға болады;
- 195 мың теңгеден астам немесе 45 АЕК – қатаң шаралар қолданылады: Мүлікті тізімдеу және сату, дебиторлар есебінен өндіріп алу.
Мәди Такиев шараларды қолдану тәртібі мен шегі бұйрықпен бекітілгенін атап өтті.
Бұған дейін Үкіметтің 2026 жылы бизнеске қосымша қаржылық қолдау көрсететіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:27, 23 желтоқсан 2025
Еліміздің басым бөлігінде 24 желтоқсанда боран соғып, көктайғақ болатыны болжанады
-
18:11, 23 желтоқсан 2025
2025 жылдың басынан бастап қанша азамат жүргізуші куәлігін алды - статистика
-
17:59, 23 желтоқсан 2025
Өңірдің мұнайсыз күні қараң ба - Маңғыстау облысы әкімінің жауабы
-
17:41, 23 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
-
17:41, 23 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасын қабылдады





