Маңғыстау облысының әкімі некеден тыс туған баласына қатысты пікір білдірді

17:36, 23 желтоқсан 2025

© Сурет: Орталық коммуникациялар қызметі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай 2025 жылғы 23 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифинг барысында мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызованың өзінен туған некесіз ұлы туралы сыбысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер бұған дейін Ынташ Наурызованың айтқанын алға тартып, бұл туралы әкімнің не дейтінін сұрады.

"Әлеуметтік желіде көптен бері жүрген дақпырт қой. Әрине, бұл - жеке бас мәселесі. Бірақ, жауап бере кетейін. Біріншіден, әріптестеріңіз әлеуметтік желіде не деп жазып жатыр? Тек шындықты жазса деймін, сөзбе-сөз былай десек: "Сот мені ДНҚ арқылы баланы тануға міндеттеді" деп. Шындығында, жағдай мүлдем бұлай емес. Әріптестеріңіз, егер былай деп жазса, онда дұрыс болар еді: "Сот менің өтінішімді қанағаттандырды, өйткені мен, өзім баламды мойындау үшін сотқа жүгіндім", – деп жауап берді Нұрдәулет Қилыбай.

Оның айтуынша, ол ай сайын алимент төлейді. Бірақ, әкім алименттің нақты мөлшерін айтуға келгенде, қиналып қалды. Сондай-ақ, әкім бүгінгі күндері баламен араласып, сөйлеспейтінін де жеткізді.


"Мөлшерін есепшіден сұрау керек. Жалақымның 20-25%-ы, ал менің жалақым - 1 млн 900 мың теңге, міне осы сомадан алиментті ұстап қалады. Ия, ондай жағдай болды, оған өкініш білдіремін. Бұл - менің өткендегі қателігім. Анау-мынау дегенмен, уақытты керіге шегере алмаймыз. Қазір мен басқа нәрселермен айналысуым керек. Бірінші кезекте - өңірдің дамуы жайымен", деп сөзін түйіндеді Нұрдәулет Қилыбай.

2024 жылғы 17 сәуірде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ресми тіркеусіз, мұсылман қағидаттары бойынша қиылған неке заңсыз болып табылатынын айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!