23 желтоқсандағы саудада доллар бірден бес теңгеге арзандады

15:45, 23 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

2025 жылғы 23 желтоқсанда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 510,18 теңгені құрап, тағы 4,98 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,49 теңгеге дейін өсті.

Қытай юанінің бағамы таңғы саудада 72,72 теңге болды (–0,62).

Айырбастау пункттерінде доллар 511,2–513,5 теңгеден, еуро 599,9–604,9 теңгеден, ал рубль 6,41–6,54 теңгеден сатып алынып, сатылуда.

23 желтоқсанда әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.

Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері алдыңғы сауда жабылуымен салыстырғанда 0,95%-ға арзандап, баррелі 61,48 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері 0,17%-ға төмендеп, баррелі 57,91 доллар болды.

Ал таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 515,02 теңге, еуроны – 604,22 теңге, рубльді – 6,5 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!