ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі тағайындалды

16:43, 23 желтоқсан 2025

© Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Коняшкин Ростислав Анатольевич жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылдың 23 желтоқсанында ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады:

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Коняшкин Ростислав Анатольевич жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды".

Ростислав Коняшкин – 1989 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы жеке кәсіпорында консультант болып бастаған.

2011-2012 жылдары — "KazTransCom" ERP-Service" ЖШС "Интергаз Орталық Азия" АҚ және "Қазтрансгаз" АҚ кәсіпорындары жобасының консультанты.

2012-2014 жылдары — "Astana Innovations" АҚ-да түрлі қызметтер атқарды.

2014-2015 жылдары — "Ақпараттық талдау орталығы" АҚ Электронды оқытуды дамыту орталығының бас менеджері, жобалық менеджері.

2016 жылы — "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Мемлекеттік қызмет көрсетудің әдіснама департаментінің бас маманы.

2016-2017 жылдары — "Өрлеу" инновациялық технологиялар орталығы" ЖШС жобалар бойынша менеджері.

2017-2019 жылдары — "Транстелеком" АҚ орталық аппаратының "Жобалық менеджерлер, АТ кеңсесі" бағыты бойынша жобалық менеджері.

2019-2020 жылдары — "Tengri Lab" ЖШС жобалық кеңсесінің басшысы.

2020-2021 жылдары — ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.

2021-2024 жылдары — "Ұлттық aқпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы

2024-2025 жылдары — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі.

2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!