Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
© Сурет: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы хабарламасында.
Рустам Қарағойшин биыл холдинг ел экономикасына жалпы сомасы 9 триллион теңге қолдау көрсеткенін айтты.
"Қаражат бизнеске жәрдем беруге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелерге бағытталған. 2025 жылы республика бойынша 25 мыңға жуық жоба қаржыландырылды", - деді ол.
Сондай-ақ ол "Даму" қоры базасында құрылған кепілдік қорларының қызмет нәтижелерін таныстырды. Аталған қорлар шағын және орта бизнес жобаларын, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық бастамаларға көмек көрсетеді.
Рустам Қарағойшин инвестициялық холдингтің жұмыс моделі туралы баяндады.
"Бұл "Инвестицияға тапсырыс" қалыптастыру, ірі стратегиялық жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тетіктерін дамытуды қарастырады. Қазір жалпы құны 87 триллион теңгеге жуық, 1,5 мың инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды", - дейді "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы.
Президент инвестициялар тарту және экономиканың нақты секторын қаржыландыру аясын кеңейтудің маңызын атай келе, "Бәйтерек" холдингіне басым инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыруды және экономикаға ұзақ мерзімді капитал тартуды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:58, 23 желтоқсан 2025
Ақмола облысында ауыл тұрғынының бір үйір жылқысын ұрлаған күдікті қолға түсті
-
18:51, 23 желтоқсан 2025
Астанада қызметтік ит есірткі тасымалының алдын алды
-
18:27, 23 желтоқсан 2025
Еліміздің басым бөлігінде 24 желтоқсанда боран соғып, көктайғақ болатыны болжанады
-
18:11, 23 желтоқсан 2025
2025 жылдың басынан бастап қанша азамат жүргізуші куәлігін алды - статистика
-
17:59, 23 желтоқсан 2025
Өңірдің мұнайсыз күні қараң ба - Маңғыстау облысы әкімінің жауабы





