«Ұйықтап жатқанда шетінен бауыздаған»: Астанада кісі өлтірді деген күдікпен жас жігіт ұсталды
© Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде өз отбасы мүшелеріне қатысты қастандық жасады деп күдікке 21 жастағы елордалық жігітті ұстау сәтінің видеосы тарады. Алдын ала нұсқа бойынша, отбасылық жанжал телефоннан шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, жас жігіт Free Fire ойнай берген соң үйдегілер оның ұялы телефонын алып қойған. Түнде барлығы ұйқыға кеткенде ол пышақты алып, отбасының әр мүшесінің тамағын орып шыққан. Бір адам оқиға орнында жан тапсырды, үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға түсті.
"Күдікті, елорданың 21 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжалға туыстарының оған айтқан ескертуі түрткі болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін полицейлер Алматы облысында өз-өзіне қол салған жас қызды құтқарғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:57, 19 қаңтар 2025
Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты доғару туралы келісім өз күшіне енді
-
15:45, 19 қаңтар 2025
Australian Open: Заңғар Нұрланұлы атақты теннисші Хьюиттің ұлын ұтып кетті
-
14:54, 19 қаңтар 2025
Қосшы маңындағы ауылда жеке үйде газ жарылып, бір адам зардап шекті
-
13:46, 19 қаңтар 2025
«Сенбеңіздер, қайтып келе жатырмыз алданып!». Алматылық жігіт Ресейде құлдыққа түсе жаздаған
-
13:27, 19 қаңтар 2025
Алматыдан 364 шақырымда жер сілкінісі болды