Үйді заңсыз сату нарығын бақылау күшейтіледі

15:08, 22 қазан 2024

© Фото: freepik

Елімізде үлестік тұрғын үй құрылысы мен жалға берілетін үйлердің шамамен 67% заңсыз тәсілмен сатылады. Бұл туралы "KHC Workshop" шарасында айтылды.

Жиында апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерге жеке инвестиция тарту, құрылыс компанияларының қызметін цифрландыру және қаржылық есептілігінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ тұрғын үйде заманға сай инклюзивті орта құру мәселелері талқыланды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұдан бөлек жасанды интеллект мүмкіндіктерін қамтыған онлайн-орталық пен азаматтардың сұрағына жауап беретін платформа таныстырылды.

"Жасанды интеллект дейді ғой, сонымен жасаған ақпараттық жүйеміз бар "homeportal" деген. Сол "homeportal-да" біз бүгін чат-ботты көрсетеміз. Осы жақында 1 желтоқсаннан бастап "homeportal.kz" сайтына кіріп өзінің сұрақтарын қоя алады. Оның ең басты мақсаты заңды бұзып, қаражат тартып жатқан компаниялардың санын, деңгейін төмендету." Алтай Күздібаев, "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ басқарма төрағасы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!