Ақша аудармаңыздар: Антикор мәлімдеме жасады

18:17, 21 қазан 2024

© Сурет: freepik

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2024 жылы 21 қазанда ел азаматтарына жүгініп, маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді.


WhatsApp, жалған хабарлама, Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 18:17

Telegram/antikornews

"Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасауда және жолдауда. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", делінген Антикор хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!