Тұрсынбек Қабатов денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты жоспарланған концерттерін келер жылға ауыстырды

09:36, 18 қазан 2024

© Сурет: Instagram/tursynbek_kabatov_resmi

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол өзінің Instagam парақшасында 17 қазан күні мәлімдеді. Әртіс ауруханаға түсіп қалуының себебін ашып айтпады, алайда 45 жылдығына орай жоспарланған концерттердің келер жылға ауысуы, жағдайдың айтарлықтай екенін бағамдауға мүмкіндік береді.

"Ассалаумағалейкум құрметті көрермендер!Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын!Өздеріңізді көруге асықпын!",- деп жазды Қабатов.

Айта кетсек, 28 маусымда танымал қазақстандық шоумен Тұрсынбек Қабатовтың бес тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны белгілі болды. Оқиға 2 маусымда сағат 7:30 шамасында Алматы – Астана бағытына қатынайтын ұшақ бортында болған. Сотта аға стюардесса құқық бұзушының ұшақ бортында мас күйінде болғанын және әдепсіз сөздер айтқанын растады. Сот 25 маусымда өтті, сол күні әнші қамауға алынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!