Бейбіт Жукаев алғаш рет ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты

12:27, 17 қазан 2024

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық, әлемнің 213-ракеткасы Бейбіт Жукаев Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші айналымда 24 жастағы қазақстандық теннисші әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачты жолдан тайдырды.

Бірінші партияда Бейбіт 3:1 есебімен алда тұрған кезде өзін жайсыз сезінген чехиялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Ақтау теннис мектебінің түлегі жартылай финалға шығу үшін әлемнің 26-ыншы, осы жарыстың 3-ракеткасы, ресейлік Карен Хачанов немесе рейтингіде 116-орындағы финляндиялық Отто Виртаненнің біреуімен кездеседі.

Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.

Freedom Экожүйесі: Бір бренд — мыңдаған мүмкіндіктер.

Серіктестік ақпарат

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!