Қазақстанда TikTok бұғатталуы мүмкін бе

19:20, 17 қазан 2024

© Сурет: unsplash

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылы 17 қазанда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында "Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау мүмкін бе" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаслан Мәдиев заң бойынша бұғаттау жөніндегі функция Мәдениет және ақпарат министрлігі құзіретіне жататынын еске салды.

"Қазақстанда TikTok-ты бүтіндей бұғаттау бойынша бүгіндері менің қолымда қандай да бір ақпарат жоқ", – деді министр.

Ол қолданыстағы алгоритмді түсіндірді.

"Егер платформа заңды бұзбаса, оны Мәдениет және ақпарат министрлігі үнемі қадағалап отырса, несі айып? Ал заңды бұзатын контент анықталса, яғни оның байланыс нөмірі анықталады. Контентті бұғаттауға немесе жоюға өтініш беру үшін тікелей және жылдам байланыс желілері бар. Интернет-платформалар бұл контентті бірден қарап, талдайды, яғни олар контент модернизациясымен айналысады. Заңнаманы анық бұзған жағдайда, онда заң аясында мәселелері қаралады", - деп толықтырды сөзін ЦДИАӨМ басшысы.

2024 жылы 3 қазанда Сенат депутаты Геннадий Шиповский Қазақстанда TikTok-ты бұғаттауды ұсынған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!