Алматыдағы Баум тоғайы келесі жылы абаттандырылады – Ерболат Досаев

11:04, 18 қазан 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Баум тоғайын абаттандыру жұмыстарының қашан басталатынын айтты.

Оның айтуынша, жаңарту жобасы әзірленген, желтоқсанда сараптама қорытындысы шығады.

"Келесі жылы тоғайды ретке келтіре бастаймыз. Онда жарықтандыру, бейнекамералар және ыңғайлы жолдар пайда болады, яғни тоғайда жүру қауіпсіз әрі жайлы болады. Жұмысты келесі жылдың күзінде аяқтауға тырысамыз", – деді қала басшысы.

Айта кетейік, жоба аясында тоғайдың жасыл қорын қалпына келтіру және оның өсімдік түрлерінің санын көбейту де көзделген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!