Ұлттық банк Қазақстан өңірлеріндегі инфляция деңгейін мәлімдеді

12:36, 17 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Қыркүйек айында жылдық инфляцияның баяулауы 11 өңірде тіркелді, 7 өңірде жеделдеп, 2 өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы республикалық деңгейден жоғары жылдық инфляция 11 өңірде қалыптасты. Инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында (10,3%) және Маңғыстау облысында (9,8%) тіркелді. Жылдық инфляция 2024 жылғы қыркүйекте 8,3%-ды құрады, тамыз айында дәл осы көрсеткіш – 8,4% болған болатын. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі өңірлердегі инфляциялық үрдістері жайлы есебінде көрсетті.

Ұлттық банк Қазақстан өңірлеріндегі инфляция деңгейін мәлімдеді , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 12:36

Сурет: ҚР Ұлттық Банкі

Қазақстанда азық-түлік тауарлары ел бойынша деңгейден (ж/ж 5,1%) жоғары болып Алматы қаласында (7,7%), Жетісу (7,4%), Маңғыстау (7,3%), Шығыс Қазақстан (6,3%), Ақмола (6,0%), Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан (5,8%-дан), Атырау және Абай (5,7%-дан), сондай-ақ Ақтөбе (5,3%) облыстарында қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының ел бойынша деңгейге (ж/ж 7,6%) қарағанда өсуі Түркістан (13,3%), Маңғыстау (12,8%), Батыс Қазақстан (8,8%), Қарағанды (8,5%) облыстарында, Астана қаласында (8,3%), Солтүстік Қазақстан облысында және Шымкент қаласында (8,2%-дан), Атырау және Шығыс Қазақстан (7,7%-дан) облыстары бойынша байқалды.

Ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы мына өңірлерде: Павлодар облысында (20,0%), Астана қаласында (17,7%), Атырау (16,9%) облыстарында жалпы республикалық деңгейден (ж/ж 13,6%) жоғары өсті.

Сондай-ақ, 2024 жылғы қыркүйекте елдегі айлық инфляция 0,4%-ды құрады, бұл тарихи орташа деңгейденi (2017 – 2021 жж. қыркүйекте 0,3%) жоғары. Ай сайынғы инфляцияның ең жоғары мәні Қызылорда облысында байқалды (1,0%).

Бұған дейін Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қордан алынған қаражат көлемі оған түскен түсімнен асып түскенін айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!