Түрмелерде орын жоқ: Нидерландта сотталғандарды мерзімінен бұрын босату шарасы кеңейтіледі

08:23, 17 қараша 2026
MKZ: 1578086

© Фото: unsplash

Нидерландта түзеу мекемелерінде орын жетіспеуіне байланысты сотталғандарды мерзімінен бұрын босату шарасының ауқымы кеңейтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті NOS басылымының мәліметінше, бұл шешімді 2026 жылғы 16 қарашада Әділет мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшы Клаудия ван Брюгген жариялады.

Бұған дейін бір жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырылғандарды жазасының аяқталуына екі аптаға дейін уақыт қалғанда босатуға рұқсат етілген. Енді бұл шара екі жылға дейін сотталғандарға да қолданылады.

Алайда жыныстық сипаттағы және зорлық-зомбылықпен байланысты ауыр қылмыстар үшін сотталғандар мерзімінен бұрын босатылмайды.

Мұндай шешімге түрмелердің толып кетуі себеп болған. Бұған түзеу мекемелеріндегі жөндеу жұмыстары мен бос камералардың жетіспеуі де әсер еткен. Тіпті ұсталған кейбір адамдарды полиция бөлімшелерінде ұстауға тура келген. Билік орын тапшылығы мәселесі шешіле бастағаннан кейін уақытша шаралардың күшін жоюды жоспарлап отыр.

Ал Қазақстанда бір ер адам кафе келушілеріне ортаңғы саусағын көрсетіп, видеоға түсіп қалған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тез тарап, полицияның назарын аударған. Соның салдарынан видео кейіпкері бас бостандығынан айырылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!