«Қазгидромет» 11 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

08:08, 17 қараша 2026
MKZ: 1578087

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Синоптиктер 2026 жылғы 17 қарашада Қазақстанның бірқатар қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 17 қарашада Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыз болуына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!