Қызылорда облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды

16:04, 16 қараша 2026
MKZ: 1577991

© Фото: pexels

Қызылорда облысында көлік құралын басқару құқығы жоқ 22 жастағы азаматтың алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.


Рейдтік шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған AUDI көлік жүргізушісін автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды. Бұдан бөлек ер адамның көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі анықталды.

Жүргізуші полиция бөліміне жеткізіліп, автокөлік айып тұрағына қойылды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция азаматтарға көлік құралдарын басқару кезінде жол қозғалысы талаптарын қатаң сақтап, мас күйде рөлге отырмауды ескертеді. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!