Тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік пен мейрамхана: Қазақстанда 1,88 млрд теңгені жылыстату схемасы ашылды

14:00, 5 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 6 қаңтарда ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы Binance платформасында цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген. Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты",- делінген ақпаратта.

Ведомство атап өткендей, күдіктілер Telegram-арналар арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған.

"Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданып, екі күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Астана әкімдігі елордалық тұрғын үй кешендеріне тексеру жүргізе бастағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!