Түнде Таразда мейрамхана өртеніп, оттың жанар-жағармай бекетіне тарау қаупі туындады
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Тараз қаласында ТЖМ қызметкерлері мейрамхананы өрттен сақтап, жанындағы жанар-жағармай бекетіне қзыл жалынның таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тараз қаласының Жамбыл даңғылы бойында орналасқан екіқабатты мейрамхана ғимаратына жапсарлас салынған жаздық алаң өртенді.
"Оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облысының ТЖД күштері мейрамханадан шамамен 100 адамды эвакуациялады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің мейрамхананың негізгі ғимаратына және жанында орналасқан жанар-жағармай құю бекетіне таралуына жол берілген жоқ. Өрт 300 шаршы метр алаңда сөндірілді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Айта кетсек, 29 желтоқсанда түнде Оралда полицейлер өрт шыққан үйден 45 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:50, 1 қаңтар 2026
Тәулігіне 210 шақырту: Жаңа жыл түні төтеншеліктер абыр-сабыр болды
-
11:32, 1 қаңтар 2026
Алматы мен Астанадағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қаңтар
-
11:22, 1 қаңтар 2026
Амстердамда Жаңа жыл түні ғасырлық тарихы бар шіркеу өртеніп кетті
-
11:05, 1 қаңтар 2026
Марқұм Брижит Бардоның отбасы Макронды жерлеу рәсіміне шақырмады
-
10:45, 1 қаңтар 2026
Қазақстанда 2026 жылы VIP нөмірлер 10%-ға қымбаттады





