Танымал қазақстандық фотограф 2025 жылдың ең үздік 12 кадрын ұсынды
© Сурет: Instagram/dots_foto
Алматылық фотограф Дмитрий Доценко жыл сайынғы дәстүр бойынша жылдың соңғы күні өз жұмыстарының ең үздік кадрларын жариялады. Оның айтуынша, бұл – өткен уақытқа жасалған шағын қорытынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Доценко өмір мен айналамыздағы әлемнің таңғажайып әсем екенін атап өтті, тек соны байқай білуді үйрену керек дейді.
"Биыл мұндай кадрлар өте көп жиналды: зығыр алқабындағы жылқылар, Ақтоғайдағы кеншінің алақанындағы Ай және Келіншектау тауларында көрінген Құс жолы. Бұл – мен объективіме түсіре алған ғажайыптардың бір бөлігі ғана", – дейді Дмитрий Доценко.
Фотографтың оқырмандары оның еңбегіне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін қалдырды:
- Тылсым суретттер, сөзсіз!
- Бұл сәттерді таспалап үлгерудің өзі қандай шеберлік!
- Керемет, құдды бір сиқыр!
- Өте тамаша суреттер! Келер жылға да шығармашылық табыс тілеймін!
Бұған дейін Жаңа жылды бұзуы мүмкін қауіпті өнім анықталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:53, 31 желтоқсан 2025
Ақтөбеде алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады
-
14:39, 31 желтоқсан 2025
35°С-қа дейін аяз: Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болмақ
-
14:27, 31 желтоқсан 2025
«Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясы республикалық меншікке өтті
-
14:15, 31 желтоқсан 2025
Шымкентте Жаңа жыл қарсаңында 203 отбасы баспаналы болды
-
14:00, 31 желтоқсан 2025
2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ға қанша талапкер қатысады - өтініш қабылдау аяқталды





