Алматының Жетісу ауданында емхананың жаңа филиалы ашылды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Жетісу ауданында "№1 қалалық емхананың" жаңа филиалы ашылды өтті, деп хабарлайды қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Медициналық нысанды пайдалануға беру медициналық-санитарлық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыруға және аудан тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.
Филиалда медициналық-санитарлық алғашқы көмектің тәжірибелі дәрігерлер мен тар бейінді мамандардың қабылдауы, профилактикалық тексерулер мен вакцинация, жүкті әйелдер мен балаларды бақылау, созылмалы аурулары бар науқастарды қадағалау және үйге барып көмек көрсету сынды қызметтің толық спектрін көрсетеді.
Медициналық мекеме қолданыстағы стандарттарға сәйкес заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Ғимаратта, соның ішінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де ыңғайлы әрі қолжетімді жағдай жасалған. Филиалда дәріхана, цифрлық рентген, заманауи УДЗ жабдықтары, ЛОР және офтальмолог кабинеттері, оқшаулағыштары бар бөлек сүзгі-бөлмелер, қысқа толқынды, лазерлік, ультрадыбыстық, электр және магниттік терапияға арналған жабдықтармен қамтылған физиотерапия кабинеті, роботтандырылған жабдықтары бар оңалту кабинеті, сондай-ақ бейнеэндоскопиялық жүйемен жабдықталған фиброгастродуоденоскопия кабинеті жұмыс істейді. Акушер-гинеколог кабинеті шағын хирургиялық араласулар мен кардиотокография жүргізуге арналған құралдармен жабдықталған.
Филиалдың ашылуы қолданыстағы денсаулық сақтау ұйымдарына түсетін жүктемені азайтып, қабылдауды күту уақытын қысқартуға және аудан тұрғындары үшін медициналық көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерде қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бүгінде Жетісу ауданында шамамен 200 мыңға жуық тұрғын бар. Олардың 135 мыңы мемлекеттік емханаларға тіркелген болса, қалған тұрғындар қаланың өзге аудандарындағы медициналық ұйымдардың қызметін пайдаланып келеді. Жаңа филиалды пайдалануға беру пациенттер санын тиімді қайта бөлуге және Жетісу ауданы тұрғындары есебінен тіркелген халық санын кезең-кезеңімен 15,5 мыңнан 30 мың адамға дейін ұлғайтуға жағдай жасайды, деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:00, 31 желтоқсан 2025
2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ға қанша талапкер қатысады - өтініш қабылдау аяқталды
-
13:48, 31 желтоқсан 2025
Жұлдыз Әбдукәрімованың жаңа жылдық құттықтауы оқырмандары арасында қызу талқыға түсті: «Қайрат қайда?»
-
13:35, 31 желтоқсан 2025
Ағаштағы бал мен бақытты бұлғын: Ұлттық парктегі фототұзаққа сирек кадрлар түсірілді
-
13:22, 31 желтоқсан 2025
Танымал қазақстандық фотограф 2025 жылдың ең үздік 12 кадрын ұсынды
-
13:09, 31 желтоқсан 2025
2026 жылғы 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: Астанада –12°С, Алматы мен Шымкентте +4°С-қа дейін жылы





