Түнде Астанадағы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде төтенше жағдай болды

09:03, 29 маусым 2024

© Сурет: видеодан алынды

29 маусымда түнде Астанадағы балалар ауруханасында төтенше жағдай болды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі инфузоматтың тұтанғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға балалардың жұқпалы аурулар ауруханасының екінші қабатында - жансақтау бөлімінде болған.

Қысқаша тұйықталудан инфузиялық сорғы аппаратының электр сымдары тұтынып, өрт ары қарай тарамаған.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!