Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі болып Ләззат Жылқыбаева тағайындалды
![](https://mail.kz/images/79f719a70758043479b16506c09645af-slider.jpg)
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Жетісу ауданының әкімі болып Ляззат Жылқыбаева тағайындалды.
Ляззат Жылқыбаева 1975 жылы 29 наурызда туған.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Экономика және құқық академиясын бітірген.
Еңбек жолын Алматыдағы №1 Қазақ педагогикалық колледжі тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.
2006 жылдан бастап Алматы қаласы білім басқармасының құрылымында жұмыс істеді. 2012-2016 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасы білім бөлімінің басшысы болды. 2016-2019 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:54, 3 шілде 2024
«Аль-Наср» құрамасы Еуро-2024-те жылаған Роналдуға қолдау білдірді
-
10:44, 3 шілде 2024
«Қазақфильм» мен «Столичный» тұрғын үй кешені субұрқақтарды Алматының меншігіне беруге дайын
-
10:31, 3 шілде 2024
Анталия әуежайындағы ереуіл шілде айының ортасына дейін жалғасады
-
10:20, 3 шілде 2024
Жұмыссыз қазақстандықтар жаңа кәсіптер мен дағдыларды тегін игере алады
-
10:08, 3 шілде 2024
Астанада 3-4 шілде күндері балабақшалар жұмыс істемейді