Қырғызстанда сел кезінде қаза тапқан тағы екі қазақстандық баланың денесі табылды

15:04, 30 маусым 2024

© Сурет: kabar.kg

Қырғызстандағы сел кезінде жоғалып кеткен екі қазақстандық баланың денесі табылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы екі бала - Қазақстан азаматтарының денесі табылған.

"Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті рәсімдер жүргізілуде. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр. Жақын арада Қазақстан Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық төрт баланың денесі елге жеткізілетін болады", делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, Бұған дейін қырғыз елінде сел жүріп, жеті адам қаза тапқаны, Ноқат ауданында ТЖ режимі жарияланғаны хабарланған. Кейіннен қаза тапқан азаматтар арасында қазақстандық балалар бары туралы белгілі болды. Кәмелетке толмаған екі жерлесіміздің қаза тапқаны және тағы екеуінің іздестіріліп жатқаны хабарланған. Көп ұзамай ҚР ТЖМ сел тасқыны салдарынан қаза тапқан отандастарымыздың денелерін тасымалдау үшін Ош қаласына әуе кемесін жіберу мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!