Трамп Путинмен кездесер алдында бірнеше маңызды мәлімдеме жасады
© Сурет: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп 11 тамызда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен алдағы кездесуі түпкілікті емес екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұдан бөлек ол тағы мыналарды айтты:
- Трамп Путинге Украинадағы қақтығысты тоқтатуды айтатынын жеткізді. "Сонымен, мен Владимир Путинмен сөйлесіп, оған: "Сіз бұл соғысты тоқтатуыңыз керек, оны аяқтауыңыз қажет", деп айтамын", - деді ол.
- Трамп келіссөздер барысында Ресей мен Украина арасында территориялармен алмасу болатындығына сенетінін растады.
- Сондай-ақ ол Аляскада Владимир Путинмен кездескеннен кейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлесетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Трамп Зеленскийдің кездесуге қатысуы мүмкін екенін мойындады.
- Трамп Мәскеумен арада сауда қатынастарын қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретінін атап өтті және "Ресей Федерациясы өте құнды жер ресурстарына ие" деп сөзін толықтыра кетті.
- Трамптың айтуынша, ол кездесудің алғашқы минуттарында-ақ Украина бойынша мәмілеге келуге болатын-болмайтынын түсіне алады.
Бұған дейін Украина тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:40, 26 маусым 2026
Жетісу облысында велосипед ұрлығына қатысы бар 61 жастағы ер адам ұсталды
-
22:09, 26 маусым 2026
Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды
-
21:37, 26 маусым 2026
Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
-
21:07, 26 маусым 2026
Алматыда Мемлекет басшысының атынан отандық БАҚ қызметкерлері марапатталды
-
20:43, 26 маусым 2026
Қазақстанда оқушыларды бағалау жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр





