Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

21:37, 26 маусым 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасының маунтинбайк спортшысы Денис Сергиенко Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы XCO дисциплинасында 1 сағат 24 минут 47 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге екінші болып жетті.

Алтын медальді Рики Китабаяси (Жапония) жеңіп алса, үздік үштікті Юань Цзиньвэй (Қытай) түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін жастар санатында Юлия Ли XCO және XCC дисциплиналарында екі қола медаль жеңіп алған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!