Төтеншеліктер ескерту жасады: Астанада күн күрт суытады
© Сурет: gov.kz
Астанада 21 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы күрт төмендеп, 25, 27 градус аяз болады деп болжанады. Осыған байланысты құтқарушылар елорда тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райы жағдайында тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, дауылды ескертулерді назарда ұстауға және мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға шақырады.
Дауылды ескертулер, ауа райының нашарлауы, сондай-ақ қала аумағындағы автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты СМС-хабарламалар, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы қадағалау ұсынылады, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Сонымен қатар, құтқарушылар қыс мезгілінде мұздың әлі толық қатпағанын ескертіп, тұрғындарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын да қатаң сақтау қажеттігі атап көрсетіледі.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
Айта кетсек, өткен түнде Қостанай облысы, Федоров ауданы аумағында республикалық маңызы бар "Астана – Қостанай – РФ шекарасы" тас жолында автобус бұзылып, шетелдік жолаушыларды эвакуациялауға тура келді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:53, 21 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
-
15:44, 21 желтоқсан 2025
Алматыда пышақ ұстаған студент ұстазына шабуылдады деген күдікке ілінді
-
15:44, 21 желтоқсан 2025
Алматыда пышақ ұстаған студент ұстазына шабуыл жасады
-
14:15, 21 желтоқсан 2025
Қостанай облысында халықаралық бағыттағы автобус бұзылып, шетелдіктер эвакуацияланды
-
13:19, 21 желтоқсан 2025
«Бір дәуірдің үні өшкендей...». Қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов дүниеден озды





