Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ: 21 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі, күндіз көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар, облыстың солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен сғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 21 желтоқсанда тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қызылорда қ: 21 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 21 желтоқсанда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ұлытау облысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Жезқазған қ.: 21 желтоқсанда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Өскемен қ.: 21 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман. Облыстың шығысында, таулы аудандарынд жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Семей қ.: 21 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 21 желтоқсанда кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі. Түркістан қ.: 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде және таңертең екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ.: 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 20 желтоқсан 2025
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Трамппен кездесті
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





