Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Трамппен кездесті

17:57, 20 желтоқсан 2025

© Сурет: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, оған сенім грамотасын табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, салтанатты рәсім 16 желтоқсанда ел астанасы Вашингтонда өткен.

Сенім грамотасы — бір мемлекеттің басшысы өз дипломатиялық өкілін (әдетте елшіні) басқа мемлекетке ресми түрде тағайындайтынын растайтын құжат. Дипломат бұл құжатты қабылдаушы мемлекеттің басшысына жеке табыс еткен сәттен бастап, ол өз қызметіне ресми түрде кіріскен болып есептеледі.

Еске салайық, қыркүйек айының соңында Нью-Йоркке жасаған сапарынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметінен Ержан Ашықбаевты босатқан болатын.

Ал жаңа елші болып 51 жастағы Мағжан Ілиясов тағайындалды. Бұл қызметке келмей тұрып, Ілиясов Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, сондай-ақ Исландия мен Ирландиядағы елші қызметін қоса атқарған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!