«Қайрат» АФК Mundo do Futsal Experience-2025 жүлдесін иеленді
© Сурет: Instagram/mundodofutsalexperience
15-20 желтоқсан аралығында Фос-ду-Игуасу қаласында (Бразилия, Парана штаты) футзалдан Mundo do Futsal Experience-2025 деп аталатын ең ірі халықаралық іс-шара өтті. Оның барысында алматылық "Қайраттың" аты аталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Futsal Experience ұйымдастырушыларының хабарлауынша, форумда әлемнің түкпір-түкпіріндегі жетекші мамандар, менеджерлер, жаттықтырушылар, ойыншылар және футзал сарапшыларын бас қосты.
Аталған іс-шара аясында кәсіби ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдер мен әйелдер футзалын дамыту мәселелері де талқыланды. Атақты адамдар практикалық және жолдастық матчтар өткізіп, өз шеберліктерін паш етті.
Бес күндік шоу гала-концертпен аяқталды, әлемдік футзал саласындағы үздіктер марапатталды. Осындай жоғары наградалардың бірі қазақстандық футзал өкілдеріне де табысталды.
Қазақстанның ең атақты клубы, УЕФА рекордсмені, УЕФА Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы алматылық "Қайрат" әлемдік футзалдың дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін бағалы сыйлыққа ие болды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар марапатты еліміздің 21 дүркін чемпионы Қайрат Оразбековке табыс етті.
Айта кетсек, Алматы клубы қазір Чемпиондар лигасы аясында өте жақсы өнер көрсетіп, ширек финалға жетті. 26 ақпанда олар испандық "Картахенамен" кездесіп, ойын өрнегін көрсететін болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:19, 21 желтоқсан 2025
Астанада өрт кезінде төтенше жағдайдың алды алынды
-
12:15, 21 желтоқсан 2025
Мұз астына жіберіліп, сегіз ай бойы із-түссіз кеткен роботтан ақпараттар келіп түсе бастады
-
11:38, 21 желтоқсан 2025
Оңтүстік Африкада атыс-шабыс болып, шамамен 20 адам қаза тапты
-
11:08, 21 желтоқсан 2025
Мбаппе «Реалға» жеңіс сыйлап, өз жетістігін Роналдудың стилінде атап өтті
-
10:37, 21 желтоқсан 2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі Костенко шахтасына жұмыс сапарымен барды





