Төтенше жағдайлар вице-министрі Костенко шахтасына жұмыс сапарымен барды
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев "Karaganda Komir" ЖШС-нің Костенко шахтасына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сапар барысында вице-министр жер асты жұмыс орындарында персоналды іздеу және позициялау жүйесімен, жер асты объектілерімен радиобайланыс жүйесімен және ауаны газбен мониторинг жасау жүйесімен танысты. Сондай-ақ АСМО медициналық тексеру бөлмесін және шахта мұражайын көрді.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Садыраев пен Есенеев шахтадағы өндірістік қауіпсіздік деңгейін бағалау кезінде 47К1-з қабатындағы +110 лава жұмысына баса назар аударды. Олар жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңестер өткізіп, қауіпсіздікті жақсарту шараларын талқылады.
"Сапар қорытындысы бойынша шахтадағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру жөнінде ұсыныстар берілді", делінген хабарламада.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, Қарағандының Әлихан Бөкейхан аудандық соты 15 тамызда Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталған 10 адамға қатысты үкім шығарған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:19, 21 желтоқсан 2025
Астанада өрт кезінде төтенше жағдайдың алды алынды
-
12:15, 21 желтоқсан 2025
Мұз астына жіберіліп, сегіз ай бойы із-түссіз кеткен роботтан ақпараттар келіп түсе бастады
-
11:38, 21 желтоқсан 2025
Оңтүстік Африкада атыс-шабыс болып, шамамен 20 адам қаза тапты
-
11:08, 21 желтоқсан 2025
Мбаппе «Реалға» жеңіс сыйлап, өз жетістігін Роналдудың стилінде атап өтті
-
10:25, 21 желтоқсан 2025
«Қайрат» АФК Mundo do Futsal Experience-2025 жүлдесін иеленді





