Алматыда пышақ ұстаған студент ұстазына шабуылдады деген күдікке ілінді

15:44, 21 желтоқсан 2025

© Сурет: pixabay

Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті мұғалімге пышақ ала жүгіріп, оны жарақаттаған. Әлеуметтік желіде жарияланған аталған фактіні Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмалы ауданының полиция басқармасы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Полиция күдіктінің ізін суытпай, бірден ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Істің өзге де мән-жайлары анықталуда". Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Желідегі деректерге сүйенсек, пышақтан жарақаттанған ер адам медициналық мекемеге жеткізіліп, көп ұзамай үйіне босатылған.

Айта кетсек, желтоқсан айының басында Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп, әжесін пышақтады деген күдікке ілінгені белгілі болды. Полиция кезекші бөлімге пәтерлердің бірінде аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарлама келіп түскенін айтты. Шақыру бойынша оқиға орнына келген тәртіп сақшылары зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесін тапты. Сонымен қатар, сол пәтерден көптеген пышақ жарақатымен егде жастағы әйел де табылып, ол ауруханаға шұғыл жеткізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!