Қар жауып, температура төмендейді: Алматыда алдағы күндері ауа райы бұзылады
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының коммуналдық қызметі қар жауғаннан кейінгі тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматының коммуналдық қызметі 17-19 желтоқсан аралығында жауған қардың салдарын жою жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы уақыт ішінде қала аумағында қар қалыңдығы 16 сантиметрге дейін жеткен. Бұл туралы Қалалық коммуналдық инфрақұрылым басқармасы мен Тұрғын үй инспекциясының өкілдері мәлімдеді.
"Түнгі мезгілде тазалау жұмыстарына 694 жұмысшы жұмылдырылды. Олардың 529-ы "Алматы Тазалық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері болса, 165-і мердігер ұйымдардан тартылған. Сонымен қатар 380 бірлік арнайы техника жұмыс істеді. Күндізгі уақытта қала көшелеріне 1 782 жол саласы жұмысшысы мен 548 арнайы техника шығарылды", - делінген хабарламада.
Атқарылып жатқан шаралар аясында жергілікті маңызы бар көшелер, тротуарлар мен жолдың жүру бөлігі тазаланып, көктайғақтың алдын алу үшін арнайы материалдар себіліп жатыр.
Жолдың жағдайын үздіксіз бақылау мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Коммуналдық қызмет пен мердігер ұйымдар көлік қозғалысы мен жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде еңбек етуге кіріскен.
"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, 20 желтоқсанда Алматыда жауын-шашынсыз, кейде тұман түсіп, көшпелі бұлт шығады. Күндізгі ауа температурасы 0…+2°С шамасында болады. Алдағы күндері ауа райы бұзылып, қар жауып, ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар
-
13:56, 20 желтоқсан 2025
Риддерде полиция қызметкері тоғыз адамның өмірін сақтап қалды





