Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды

16:24, 20 желтоқсан 2025

© Сурет: pexels

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстан-жапон ынтымақтастығын дамытуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1. Жоғары температуралы газбен салқындатылатын реакторлар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.

(Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі арасында);

2. Қолданбалы зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы меморандум

(Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі арасында);

3. Ғылыми байланыстарды кеңейту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум

(Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Marubeni Utility Services Ltd. арасында);

4. Пайдаланылған ядролық отынмен және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум

(Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Muroosystems Corporation арасында);

5. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және әзірлемелер жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум

(Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Фукуи университетінің Ядролық инженерия ғылыми-зерттеу институты арасында);

6. Жоғары температуралы газбен салқындатылатын реактор отынын сәулелендіру сынақтарын жүргізудің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге арналған коммерциялық шарт

(Ядролық физика институты, Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және Marubeni Utility Services Ltd. арасында).


"Қол қойылған құжаттар қол жеткізілген уағдаластықтарды көрсетеді және Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, сондай-ақ ғылыми-технологиялық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге берік негіз қалайды".ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!