Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
© Сурет: Ақорда
2024 жылғы 26 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ленинград облысында өткен Жоғары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, саммитке Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
"Жиында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары мен негізгі міндеттері талқыланды. Сонымен қатар саммит қатысушылары Ұйым қызметінің өзекті мәселелері және жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты", делінген Ақорда хабарламасында.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 желтоқсанда Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен келіп-жетті. Сол күні ол ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:26, 13 қаңтар 2025
Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Тунисте өтетін WTT Youth Contender турниріне қатысады
-
23:14, 13 қаңтар 2025
Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасының Пәкістанға қарсы ойынға қатысатын спортшылары белгілі болды
-
22:52, 13 қаңтар 2025
Ақтауда есірткі жарнамасымен айналысқан екі күдікті ұсталды
-
22:46, 13 қаңтар 2025
Өзгенің телефонын пайдаланып, 300 мың теңге айыппұлын төлеп алған оралдықтың қылмысы әшкере болды
-
22:35, 13 қаңтар 2025
Петропавлда жаңадан салынған бөгет жарамсыз болып қалды