Өзбекстанда 135 моншақ жұтып қойған сәби аман қалды

© Фото: unsplash
Өзбекстанда 135 магнит моншақты жұтып қойған 2 жасар сәби аман қалды. Үлкендердің қарауынсыз қалған Ферғана облысының кішкентай тұрғыны осындай оқыс жағдайға ұшыраған, деп жазады Zakon.kz.
Уақыт өте келе магнит моншақтар оның асқазанында жиналып, өміріне қауіп төндіреді.
Бала алдымен жергілікті ауруханаға жеткізілген. Ондағы дәрігерлер консервативті әдіспен тек 14 моншақты алып тастаған. Ал көпшілігі іште қалған еді.
Ата-анасы оны шұғыл түрде Ташкенттегі республикалық жедел жәрдем ғылыми орталығына жеткізген. Дәрігерлер уақыт өткізбей отаға кіріседі, деп жазады qazaqstan.tv.
Төрт жарым сағатқа созылған күрделі операция барысында сәбидің асқазанынан 135 магнитті моншақ шығарылды.
"Бала іш ауруы белгілерімен ауыр халде жеткізілді. Тексеру барысында асқазан ішек жолдарында бөгде заттардың бар екені анықталды. Ота сәтті өтті, қазір сәбидің жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің бақылауында." Хабиболла Окилов, Республикалық жедел жәрдем ғылыми орталығының бөлім басшысы, профессор
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:22, 18 ақпан 2025
Малайзиялық әйел қартайған сәтінде күйеуінің көңілдес тауып, тастап кеткені үшін өтемақы алады
-
10:55, 18 ақпан 2025
Макрон саммиттен кейін Трамппен және Зеленскиймен сөйлесті
-
10:23, 18 ақпан 2025
Торонто әуежайында қону кезінде жолаушылар ұшағы аударылып кетті
-
10:04, 18 ақпан 2025
Зеленский Түркияға барды
-
09:33, 18 ақпан 2025
Еуропада аутист балаларға үкіметтен қолдау көп