«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына 32 млрд теңге айыппұл салынды

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Маңғыстау облысының прокуратурасы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның қызметінде ағынды суларды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтаумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Прокурорлармен қолданылған шаралардың нәтижесінде, соттың 04.12.2024 жылғы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд. теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды.
Аталған факт бойынша 11.12.2024 жылы компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд. теңге айыппұл салынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:33, 7 ақпан 2025
Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде екі адамды өлтірді: Алматыда әскери қызметкерге үкім шықты
-
12:25, 7 ақпан 2025
Американдық әріптесінің есімін жамылып 36 жыл бойы өмір сүріп келген
-
12:11, 7 ақпан 2025
Алматы қуыршақ театры Канадада өткен Халықаралық фестивальде Гран-при жеңіп алды
-
12:02, 7 ақпан 2025
«Мағаджан» бөгеті жарылғаны үшін кінәлі тұлға сотталды
-
11:51, 7 ақпан 2025
Ақтөбе облысында полиция танысына заңсыз несие рәсімдеген күдіктіні ұстады