Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін әлеуметтік көмектің 17 түрі қарастырылған, деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
- Олардың ішінде-атаулы әлеуметтік көмек (АӘК);
- тұрғын үй көмегі;
- ҰОС ардагерлеріне және азаматтардың басқа да санаттарына әлеуметтік көмек;
- коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек;
- мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін шығындарды өтеу;
- атаулы күндер мен мереке күндеріне төлемдер және өзге де біржолғы әлеуметтік төлемдер.
Мәселен, 2024 жылы АӘК жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 14,8 мың адамды қамтыды. Тұрғын үй көмегі 741 азаматқа 17,3 млн теңге сомасында берілді. Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты азаматтарды қолдау жеке бағыт болды.
"Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 141 мыңнан астам адам ай сайын 0,8 АЕК мөлшерінде төлем алды, бұл 4 млрд теңгеден астам соманы құрады.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақының барлық түрлерінің мөлшері 6,5%- ға ұлғайтылды, сондай-ақ көмектің жаңа түрлері енгізілуде. Мысалы, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс қимылдардың ардагерлері үшін Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне 100 мың теңгеден жаңа төлем енгізілді.
Айта кету керек, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау Алматы әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:25, 7 ақпан 2025
Американдық әріптесінің есімін жамылып 36 жыл бойы өмір сүріп келген
-
12:11, 7 ақпан 2025
Алматы қуыршақ театры Канадада өткен Халықаралық фестивальде Гран-при жеңіп алды
-
12:02, 7 ақпан 2025
«Мағаджан» бөгеті жарылғаны үшін кінәлі тұлға сотталды
-
11:51, 7 ақпан 2025
Ақтөбе облысында полиция танысына заңсыз несие рәсімдеген күдіктіні ұстады
-
11:45, 7 ақпан 2025
Қазақстан шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль үшін күреседі