Қазақстандық хоккейшілер Универсиада-2025 матчында 0:10 есебімен жеңіліп қалды
© Сурет: icehockey.kz
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылы Туринде (Италия) өтіп жатқан Универсиаданың алғашқы матчында Жапония өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
В тобындағы алғашқы матчында ел құрамасы қарсыластырынан 0:10 есебімен жеңіліс тапты. Ойын барысында Жапония құрамасы 68 соққы жасады.
Сурет: Instagram/torino2025_fisugames
Осылайша, Қазақстандық құрама көш соңында қалып отыр. Алғашқы орында жапониялықтар. Енді еліміздің спортшылары 14 қаңтарда чехиялықтармен бақ сынаспақ.
Бұған дейін Қазақстан жасөспірімдері фристайлдан әлем біріншілігі кезінде тарихи нәтижеге қол жеткізгендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:44, 22 ақпан 2026
Нариман Құрбанов Германияда қола медаль иеленді
-
09:56, 22 ақпан 2026
ҚПЛ-2026: «Қайрат» ФК Алматыда қатарынан үш матч өткізеді
-
09:32, 22 ақпан 2026
Джеки Чан, Головкин және Шайдоров Миланда кездесті
-
17:11, 21 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
-
16:41, 21 ақпан 2026
Қазақстандық үш гимнаст Германиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты





