Петропавлда жаңадан салынған бөгет жарамсыз болып қалды

© Сурет: primeminister.kz
Петропавлда жаңадан салынған бөгет көктем басталмай жатып жарамсыз болып қалды. Қала шетіндегі Былғары зауыт ықшам ауданын тасқын судан қорғайтын топырақ үйіндісі орта тұсынан тілініп түскен. Қазір осыған байланысты комиссия құрылып, сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Петропавлдағы Былғары зауыт ықшам ауданында салынып жатқан жаңа бөгетте пайда болған жарықтардың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Көктемгі тасқыннан кейін есін енді жиған жұрт тағы да сары уайымға салынды. Өйткені былтыр көктемде Былғары зауыт ықшам ауданында 360 үйді су басқан еді. Оның тең жартысы апатты деп танылып, сүрілді. Ал, күзде жаңа бөгеттің құрылысы басталды. Бірақ қыс өтпей жатып сапасы сыр берді. Мамандар оны топырақ қабатының отыруымен байланыстырады, деп хабарлайды 24KZ.
"Қазір топырақты қайта қазып алып, инерттік материал әкеліп төсейміз. Сонымен қатар бөгеттің оң жағы кеңейтіледі. Енді техникалық қадағалау және жобалау институты мамандары сараптама жасап, қосымша нұсқаулар беруі тиіс".Виталий Петренов, медрігер ұйымның өкілі
Былғары зауыт ықшам ауданындағы бөгеттің жалпы ұзындығы – 4 шақырым. Биіктігі – 7,5 метр, ал ені – 3 метр. Оның құрлысына демеушілер тарапынан 2,5 млрд теңге бөлінген. Қалалық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, жұмыс әлі толық аяқталған жоқ. Қазір болған жағдайға қатысты комиссия құрылды.
"Комиссия құрамына төтенше жағдайлар департаменті, прокуратура, мердігер ұйым, жобалаушы, техникалық қадағалау және қалалық әкімдік өкілдері кіреді. Олар мән-жайды толық тексеріп, қалпына келтіру жұмыстарын анықтайды".Сергей Мелехов, қала әкімінің орынбасары
Қазір бөгеттің жарылған жерлері қайта бұзылып жатыр. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі тасқыннан кейін 32 шақырым топырақ үйіндісі салынды. Сондай-ақ бүгіндері өңірдегі Сергеевка су қоймасының тасу қаупі жоғары.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 18 ақпан 2025
Алматыда полицейлер толғағы қысқан әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізді
-
22:10, 18 ақпан 2025
Астанада 15-қабаттан құлаған жасөспірім қыздың жағдайы ауыр
-
21:53, 18 ақпан 2025
Жамбыл облысында тойға дайындалған қазы-қарта мен тойбастарды ұрлап кеткен
-
21:43, 18 ақпан 2025
Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды
-
21:38, 18 ақпан 2025
Маңғыстау теміржол станциясында ауыр қылмыс жасаған Қазақстан азаматы ұсталды