Шымкентте газ құбыры жанында жүк көлігі өртенді
© Сурет: Zakon.kz.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданында Қаратау шоссесі маңындағы газ құбырында жүк көлігі мен бұрғылау жабдықтары өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 тамыз күні "112" пультіне газдың жанғаны туралы хабарлама түскен.
"Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері келген кезде жүк көлігі мен бұрғылау жабдықтарының ашық жалынмен жанып жатқаны байқалды. Газ қызметі вентильді жауып, газ беруді тоқтатты", – делінген хабарламада.
ТЖМ бөлімшелері:
- газ құбырын салқындатты;
- өртті толық сөндірді;
- жалынның жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді.
"Өрт немесе басқа да төтенше жағдай орын алған кезде дереу "112" нөміріне хабарлау қажет", – деп ескертті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Бұған дейін Шымкент тұрғынының жануарлардың мыңдаған түрін құтқарып жүргені белгілі болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:17, 25 тамыз 2026
Жіпке жазылған тарих: Алматыда Батима Заурбекованың 80 жылдығына арналған «Мұра жіптері» көрмесі өтеді
-
10:52, 25 тамыз 2026
Алматыда коттедж аламын деп алданып қалған үлескерлер полицияға жүгінді
-
10:46, 25 тамыз 2026
Ақмола облысында мас әйел достарын көлігімен үйіне жеткізбек болды
-
10:33, 25 тамыз 2026
Астанада Уәлиханов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
-
10:23, 25 тамыз 2026
Қазақстанда бір тәулікте бес орман өрті тіркелді





