Астанада Уәлиханов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

10:33, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563215

© Сурет: Zakon.kz.

2026 жылғы 25-29 тамыз аралығында Астанада Шоқан Уәлиханов көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, көлік қозғалысы жолдың қалған бөлігімен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл жол жөндеу жұмыстарына байланысты. Атап айтқанда, Ш. Уәлиханов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан С. Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскесінде жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

карта, көше , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 10:33

Сурет: Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс тәртібіндегі ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады", – деп ескертті әкімдік.

Бұған дейін, Астанада аукцион арқылы 83 көлік пен арнайы техниканы сатуға қойылғаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!