Тоқаев: Конституциялық реформалар адам құқықтарын қорғауға бағытталған
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа Конституция жобасындағы маңызды түзетулерге тоқталды.
Мемлекет басшысы өзгерістердің негізгі мақсаты – адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау екенін айтты.
"Түптеп келгенде, ұсынылып отырған өзгерістердің арқауы – бір. Бұл – адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Бұл – жалаң сөз емес. Біз адам құқығының қорғалуына кепілдік беретін және оның нақты жолдары айқын көрсетілетін біртұтас жүйе қалыптастырамыз", – деді Президент.
Тоқаев жаңа жобада енгізілген нақты мысалдарға тоқталды:
- Адвокатура туралы жеке бап қосылып, құқық қорғау жүйесінің тиімділігі күшейтілді.
- Білім беру жүйесіне баса мән беру арқылы мемлекеттің зайырлы сипаты нақтыландырылды.
- "Неке – еркек пен әйелдің ерікті және теңқұқылы бірлестігі" тұжырымымен қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды сақтау көзделген.
- Табиғатты қорғау мәселесі де Конституцияда ерекше назарға алынған.
Президент атап өткендей, қазіргі Конституциядағы тұрғын үйге қатысты норма толықтырылмақ.
"Қазіргі Конституцияда "Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді" деген ереже бар. Біз оны "тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға" да сот шешімінсіз жол берілмейді деп толықтыру керек. Бұл – жаңа Конституцияның сипатына толық сай келетін әлеуметтік норма", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Конституция жобасында Қазақстанның қарқынды дамуына, ұлтымыздың ұйысуына қажетті іргелі қағидаттар мен құндылықтар толық қамтылғанын айтты.
"Әділетті Қазақстан, Заң мен тәртіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатыны сияқты негізгі қағидаттар нақты көрсетілген. Білім, ғылым, инновациялар және мәдениет еліміздің теңдессіз басымдықтары ретінде айқындалды. Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз және аумақтық тұтастығымыз мызғымас құндылықтар болып қала береді және еліміздің унитарлығы, жерінің тұтастығы мен басқару нысаны ешқашан өзгермейді", – деді Президент.
Тоқаев жаңа Конституция жобасын түптеп келгенде озық, толық жаңарған, әрбір тұсы сарапталған және сапалы жазылған мәтін деп сипаттады. Онда конституциялық құрылысқа қатысты әлемдегі үздік тәжірибелер көрініс тапқан, адам құқықтары және ұлттық мүдде толық қорғалған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:45, 10 ақпан 2026
Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек – Президент
-
13:38, 10 ақпан 2026
Біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз керек – Тоқаев
-
13:34, 10 ақпан 2026
Тоқаев жыл соңына дейін ЖИ көмегімен автокөлік қозғалысын реттейтін цифрлық платформаны іске қосуды тапсырды
-
13:30, 10 ақпан 2026
Президент: Теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет
-
13:27, 10 ақпан 2026
Жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайды – Президент теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды





