9 ақпандағы сауда қорытындысы: валюта бағамдары қалай өзгерді
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 9 ақпан күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 494,75 теңгені құрады, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,1 теңгеге өскен.
- Ресей рублінің бағамы 6,42 теңгеге дейін көтерілді (+0,07).
- Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 71,46 теңге болды (+0,03).
Айырбастау пункттерінде валюталар келесі бағамдармен саудалануда:
- доллар – 494,5–496,4 теңге,
- еуро – 585,1–589,9 теңге,
- рубль – 6,38–6,50 теңге.
Сонымен қатар, 9 ақпанда мұнайдың әлемдік бағасы өсті.
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстері 0,97%-ға төмендеп, барреліне 67,39 АҚШ долларын құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың наурыз айына арналған фьючерстері 0,99%-ға арзандап, барреліне 62,92 АҚШ долларына тең болды.
Бұған дейін, таңертең Қазақстан Ұлттық банкі ресми бағамдарды бекіткен болатын:
- доллар – 494,63 теңге,
- еуро – 583,22 теңге,
- рубль – 6,42 теңге.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:42, 23 қараша 2026
Ыстамбұлда арыстан жүр: тұрғындар қауіптеніп, іздеу жұмыстары басталды
-
12:34, 23 қараша 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамы
-
12:23, 23 қараша 2026
Қазақстандық азамат той өткізуден бас тартып, күтпеген мәселеге тап болды
-
12:18, 23 қараша 2026
ШҚО-да тоғыз жастағы бала жұқа мұз астына түсіп кетті
-
12:05, 23 қараша 2026
37 суару машинасы қағаз жүзінде ғана болған – ҚМА 1,1 млрд теңгеге қатысты істі тергеп жатыр





