Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған сәбиді тірілтіп алды

18:49, 9 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz

Шымкентте жедел медициналық жәрдем қызметінің мамандары жүрегі тоқтап қалған сәбидің өмірін сақтап қалды. Бұл оқиғаның егжей-тегжейімен қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 2026 жылы 1 ақпанда болған.

Сағат 00:14-те 103 пультіне шұғыл шақырту түскен.

Жедел жәрдем бригадасы небәрі 6 минутта жетіп, бірден тексеруге кіріскен.

"Сол кезде сәби ес-түссіз жатқан, тыныстауы мен пульсі анықталмаған", - дейді дәрігерлер.

Анасының айтуынша, қосымша тамақ бергеннен кейін 15–20 минут өткен соң бала лоқсып, тұншыға бастаған. Сәби қорылдап, көгере бастағанда анасы дереу жедел жәрдем шақырған.

Дәрігер мен фельдшер кідірместен реанимациялық көмек көрсетіп, екі-үш минут ішінде баланың жүрек соғысы мен тыныс алуын қалпына келтірді.

Алғашқы медициналық көмектен кейін кішкентай пациент Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Уақытылы көрсетілген көмек пен жедел шешім — тағы бір өмірді сақтап қалуға себеп болды.

Бұған дейін Жетісу облысында жаңа туған сәби санавиация көмегімен өңір орталығына шұғыл жеткізілгені хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!