Біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз керек – Тоқаев
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысын қорытындылап, алдағы маңызды міндеттерге тоқталды.
"Қорыта келе тағы да айтып өткім келеді: алдымызда ауқымды, маңызды міндеттер тұр. Біз әрдайым бір қадам алда жүруіміз керек. Ойланып-толғанып отыратын уақыт жоқ. Батыл, тиімді шешім қабылдап, оны жедел жүзеге асыру қажет", — деді Президент.
Мемлекет басшысы Үкімет пен орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін ерекше атап өтті.
"Үкімет мүшелері, иә болмаса айналамызда жүрген "сарапшылар" ел экономикасының алдында тұрған түйткілдерді шешу жолын тез арада ұсынады деп күтудің қажеті жоқ деген сияқты пайымдаулар бар екенін біз жақсы білеміз. Біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз керек. Бәсекеге қабілетті болсақ, болашағымыз да жарқын болады", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент негізгі басымдықтарды нақтылады.
"Негізгі басымдықтарымыз өзгермейді. Азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту басты міндет болып қала береді. Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдар өз жауапкершілігін толық сезініп жұмыс істеуге тиіс. Үкіметтің бірінші кезектегі міндеті – батыл, күмәнсіз шешімдер қабылдау үрдісін жаңғырту", — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық тапсырманың уақтылы әрі сапалы орындалуының маңызды екенін атап өтті.
"Ел игілігі және азаматтардың мүддесі үшін еңбек ету қажет. Әрбір тапсырма уақтылы әрі сапалы орындалуы керек. Ең бастысы, елге пайдасы тиетін нақты нәтиже болуға тиіс", — деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:11, 22 қыркүйек 2026
Қазақстандық екі спортшы ушудан Азия ойындарының жартылай финалына өтті
-
19:53, 22 қыркүйек 2026
Арсен Жақанбаев ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды
-
19:51, 22 қыркүйек 2026
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
-
19:51, 22 қыркүйек 2026
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
-
19:46, 22 қыркүйек 2026
Қостанайда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген тиегіш жүргізушісі сотталды





