Президент: Теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет
© Фото: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында транзиттік тасымалды арттыру және теміржол саласын цифрландыру мәселесіне тоқталды.
"Үкімет биыл транзиттік тасымал көлемін шамамен 65 пайызға, яғни 55 миллион тоннаға дейін көбейтеміз деген ауқымды міндет қойып отыр. Ал "Қазақстан темір жолы" компаниясының басшысы өз ақпаратында бұл жоспарға күмән келтіріп отыр", — деді Президент.
Мемлекет басшысы мәселенің іргелес мемлекеттердің жоспарлары мен мүмкіндіктерінде екенін атап өтті.
"Мәселе – бізде емес, іргелес мемлекеттердің жоспарлары мен мүмкіндіктерінде. Енді анықтау қажет. Осыған орай, "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы қажетті шараның бәрін қабылдауға тиіс. Соның ішінде цифрлық жаңғырту (яғни, трансформация) жұмыстарын аяқтауы қажет", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент жүк тасымалдаушыларға бірдей қолдау көрсету қажеттігін айтты.
"Жүк тасымалдаушылардың бәріне ашық және бірдей қолдау көрсетілуге тиіс. Ол үшін ұлттық оператордың жүк вагондарын беру жұмысын толық цифрландырып, ретке келтіру керек", — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол саласындағы тариф саясатын реформалауды аса маңызды міндет ретінде атады.
"Теміржол саласындағы тариф саясатын реформалау – кезек күттірмейтін міндет. 1 қыркүйекке дейін жаңа тариф саясатының тұжырымдамасына қатысты түпкілікті шешім қабылдануға тиіс. Тариф саясаты, бұл – аса маңызды тақырып, көлік стратегиямыздың өзегі саналатын мәселе", — деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:13, 10 ақпан 2026
Мәдиев Қазақстанның IT-нарығы жедел даму үстінде екенін айтты
-
15:03, 10 ақпан 2026
«Кім жасады – сол төлесін»: Тоқаев мемлекеттік жүйелерді көшіру мәселесінде Мәдиевтен түсініктеме талап етті
-
14:56, 10 ақпан 2026
Жамбыл облысында «күлдіретін газды» жарнамалаған 65 сайт бұғатталды
-
14:50, 10 ақпан 2026
Оралда жасанды интеллект арқылы іздеуде жүрген азамат ұсталды
-
14:44, 10 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Роман Склярды мадақтап, Мұрат Нұртілеу мен Әсет Ерғалиевтің қызметіне тоқталды





